Қазақстанның экономикалық астанасы Алматыдағы Халықаралық қаржы қорының өкілі екі жылдық қызметін осы айда аяқтап, оның өкілеттілігі одан әріге ұзартылған жоқ. Бұрынғы Совет республикасы енді қай кезде де ақша қажет етпейтін болады деген Халықаралық қаржы қорының сенімі ақталмады. Қордың өкілі канадалық Джефрей Өстрикер Халықаралық қаржы қорының командасы қазақстандықтарды техникалық көмекпен қамтып, елдегі қаржы жетекшілерімен экономикалық саясатты талқылау үшін Қазақстанға жылына екі-үш рет келсе де, олардың жетістігінің көрінісі-қордың өкілдігі жабылып отыр дегенді айтты. Тәуелсіздік алған 1991 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі Ресейдің жарты өнімінен де төмен болатын. Екі жылдан соң Қазақстандағы экономикалық дағдарыс 1,600 процент инфляцияға жетті. Бірақ, соңғы төрт жылда қазақтар бұрынғы көрсеткіштеріне жетіп, инфляция 6 процентке төмендеп, экономика 40 процентке көтерілді. Қазақстаннның жергілікті бағаға икемделген жалпы ішкі өнімі, 2001 жылы 6,855 доллар болды. Бұл есептер көрсетілген АҚШ департаментінің интернет парақшасында Ресейдің өз бағасы бойынша жалпы ішкі өнімі 2002 жылы 8,800 доллар болғаны жазылған. Қазақстанның бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов экономиканың бестен бір бөлігін құраса да дамудың қозғаушы күші мұнай саласы болып отырғанын айтқан. Әр елдің күтетініндей, шамамен бір декада да үш есеге өсу арқылы, өндіріс өсімі күніне 1 млн баррельден асқан. Қазақ үкіметі Норвегиядағы сияқты арнайы офшорлық мұнай қорын құрып, оның мөлшері 2,7 млд долларға жеткен және оны 4 млд-қа жеткенше ұстап отыру жоспарланған. Бұл қор мұнайға бағаның төмендеуінен экономиканы қорғап қалу үшін арналған. Сондай-ақ, шетелдік бақылаушылар Қазақстандағы қаржы және банк секторындағы жетістіктер әсерлі деген. Банктердегі жекеменшік салымдар соңғы үш жылда 5 есеге өскен, Орталық банк кредит картасын жасау көлемі төрт жылда алты есеге көбейгенін айтуда. 2000 жылы басталған экономикалық өсім- жартысынан көбі қазақ және жартысы орыстар болып табылатын 14,7 млн халқы бар бұл елдегі қиыншылық деңгейінің нәтижелерін көрсеткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері, 1997 жылдан бері балалар өлімінің жағдайы 25-оқиғаға төмендеп, дүниеге келген 1,000 сәбидің 18-і өлім оқиғасын көрсетіп отыр дейді. Сол сияқты адамдардың өмір сүру деңгейінің көрсеткіші 1999 жылғы 34 проценттен өткен жылы 24 процентке түскенін айтады Алматыдағы БҰҰ-ның даму бағдарламасының өкілдері. Көп адам бұл көрсеткіш тым шектеулі деп есептейді. Қазақстанға 500 млн несие беріліп, оның ертерек жүзеге асырылуында Халықаралық қаржы қорының атқарған ролі ерекше. Халықаралық қаржы қоры дүниежүзілік банк сияқты басқа ұйымдармен бірлесіп, Үкіметті денсаулақ сақтау саласын жақсартып, білім және әлеуметтік көмек беру мәселесіне қаржы құюға көндірген. Бұл саладағы шығындар Қазақстанның көршілес елдер арасындағыдан тіпті, Латын Америка елдерінен де төмен екенін Дүниежүзілік банк көрсетіп отыр. Қазақстандағы өмір сүру ұзақтығы анемия ауруы асқынып тұрған облыстарда және түбіркүлез ауруы жайлаған түрмелерде өте төменгі деңгейде. Мұнай саласындағы емес шетелдік инвестициялар да төменге күйде қалып отыр, өйткені бұл жерде іскерлік ахуалы қиын дейді шетелдік сарапшылар.
Халықаралық қаржы қорының Алматыдағы өкілдігі осы айдың соңында өз қызметін аяқтайды
Халықаралық қаржы қорының Алматыдағы өкілдігі осы айдың соңында жабылып, екі жылдық қызметін аяқтайды. Бұл - Дүниежүзілік қаржы мекемесінің Қазақстанға сенімі қандай деген сауал тудырды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Қазақ эмигpанттарды күстәналау. "Жат елдегі" диссидент драмасының бағасы