Әжетхана жуғызып, видеоға түсіру, ауызға резеңке таяқ тығу, "балаң басқа біреуді әке дейді" деп қыспаққа алу – Қаңтар оқиғасынан соң "жаппай тәртіпсіздік жасады" деп айыпталып, кейін ақталып шыққан өскемендік төрт азамат абақтыда көрген азабын осылай сипаттайды. Бәрінің өмірі астан-кестен болды.