Жүздеген адам қаза тапқан «Қаңтар оқиғасына» 1 ай толды. Билік «террористік шабуыл», «мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныс» деп атаған оқиғаның артында кім тұрғанын әлі атамады. Ал Ресейдің НТВ арнасы наразылықты ұйымдастырушы ретінде қазақстандық екі блогер мен бір саясаттанушының атын атады.
Жаңаөзенде тұрғындардың тұрақты жұмыс сұрап ереуілдегеніне бір апта болды. Қала әкімінен бастап президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына бірнеше үндеу жолдаған наразылар қала тұрғындарына лайықты жұмыс берілгенін қалайды.
Сенат депутаттары қаңтар оқиғасына байланысты ұсталып, «азапталып» жатқан адамдар туралы ақпараттың бәрі шындыққа сәйкес емес дейді. Олар Азаттық тілшісінің азаптауларға кім жауапты деген сұрағына тура жауап бере алмады. Кей депутат түрмедегі қысым мәселесін парламентте көтерудің керегі жоқ дейді.
Қазақстанда мәжілістің жаңа спикері сайланды. Сайланды деген аты ғана. Әйтпесе Ақорда кандидатурасын мақұлдап жіберген бір адамнан басқа үміткер болмады. Парламенттегі «Нұр Отаннан» басқа екі фракция да төрағалыққа кандидат ұсынбады. Жаңа төраға кім? Ол қалай сайланды? Нұргүл Тапаева толықтырады.
1 ақпанда мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің депутаттық өкілеті тоқтатылды. Спикер қызметіне президент әкімшілігін басқарып келген Ерлан Қошанов сайланды. Мәжіліс төрағасы лауызымына басқа фракциялар да кандидат ұсынбаған. Бірақ депутаттар төрағаны сайлау әділ өткенін айтады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 29 қаңтарда мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатын саясаттанушылар мен саясаткерлер әртүрлі бағалады. Олар президент қаңтар оқиғасы кезіндегі биліктің әрекеттерін түсіндіріп бере алмады, тіпті бейкүні қаза болған жұртқа көңіл де айтпады дейді.
Шымкентте ескі көліктерді қабылдау орнына жақын жердегі автотұраққа отыздан аса адам жиналды. Олар үкіметтен істен шыққан жарамсыз көліктерін қабылдау пунктерін тездетіп ашуды сұрады.
Қазақстанда із-түзсіз жоғалған туыстарын іздеушілер көбейді. Соққыға жығылған, негізсіз ұсталды деп хабарланған белсенділер де көп. Арасында журналистер де бар.
Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты Серік Әбдірахманов Азаттыққа Қазақстандағы төтенше жағдай туралы сұхбат берді. Экс-депутат тәртіпсіздікті Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған дейді. Ол сондай-ақ осы жағдайдан кейін саяси реформа қажетін айтады.
Парламент мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы елде боп жатқан оқиғалардан сабақ алып, саяси реформа жасау керек деген пікірде. Ол 5 қаңтарда Алматыда болған тәртіпсіздіктерден соң Қазақстан саяси дағдарысқа ұшырау алдында тұр дейді.
Нұр-Сұлтанда кешке қарай өткен шеруде арнайы жасақ ондаған адамды жаппай ұстады. Шеруге шыққандардың кейбірін ұрып-соқты. Қалада қадам сайын полиция мен полиция көлігі көбейген. Орталықтың өзінде интернет жоқ, байланыс нашарлады.
4 қаңтарда Нұр-Сұлтанда үш жерде Маңғыстаудағы шерулерді қолдау шарасы өтті. Азаттық есебінше, бейбіт шеруге шыққан елу шақты адам ұсталды. Оның ішінде бес айлық баласын көтерген әйел де бар. Полиция оны баласымен автозакқа салып әкетті. Полиция департаменті бірнеше сағаттың ішінде ондаған адамды ұс
Журналист пен экс-депутат арасындағы жанжалға байланысты ақпарат министрі пікір білдірді. Аида Балаева саясаткердің эмоцияға ерік беруін ақтамады, бірақ журналисті де жақтамады. Мәжіліс ғимаратында болған оқиғаға қоғамның пікірі әр түрлі.
29 желтоқсан күні Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Бекболат Тілеухан қызметінен мерзімінен бұрын босатылды. Жиында Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Тілеуханның Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының вице-президенті болып тағайындалғанын айтты. 2004-2021 жылдар аралығында төрт шақырылымның депутаты болып үлгерген Бекболат Тілеухан осы айдың басында Азаттық тілшісінің Арон Атабек туралы сауалына "Адам қай тілде сөйлесе, сол тілде жүрегі соғады... Ол – орыс мәдениетінің өкілі" деп жауап берген.
28 желтоқсанда Қазақстан үкіметі жылды қорытындылап, биылдың соңғы отырысын өткізді. Алайда үкімет басшысы Асқар Мәмин тілшілер алдына тағы шықпады. Азаттық тілшісі вице-премьер Ералы Тоғжановтан «Мәмин журналистерден неге қашады?» деп сұрады. Тоғжанов Мәминнің қараша айында БАҚ жетекшілерімен кезде
Қазақстанда "Жануарларға жауапкершілікпен қарау" туралы заң қабылданды. Сенат мақұлдаған заң жобасына енді президент қол қоюы тиіс. Зообелсенділер жаңа заңның олқы тұсы көбін айтып, президенттен вето жариялауды талап етеді.
Қазақстанда интернет сауда-саттықпен айналысатын Amazon, Apple, Google, Netflix сынды шетелдік компаниялар енді салық төлеуге міндетті. Заң екі аптадан соң күшіне енеді. Сарапшы бұл қарапайым тұтынушылардың қалтасына қосымша салмақ дейді.
Қазақстанда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қызметінен кетті. Саланы бір жарым жыл басқарған Цойдың орнына әзірге кімнің келері белгісіз. Экс-министр әлеуметтік желіде "ғылым саласына кетіп бара жатқанын" жазды.
Нұр-Сұлтанда 16 желтоқсанда оппозиция митинг жоспарлаған аумақ қоршалды. Наразылық білдіруге келдік деген санаулы адам діттеген жерге жете алмады. Ал билік өкілдері тәуелсіздік мерекесін бір күн бұрын өздері ғана атап өтті.
Тағы