Құрылтай жиылысы болардан дәл екі ай бұрын, жоғары лауазымдағы жас шенеуніктер жаңа саяси қозғалыс - «Қазақстанның демократиялық таңдауын» құратынын айтып, Алматыда шұғыл баспасөз-конференциясын өткізді. Жаңадан пайда болған саясаткерлердің елдің басшылығына қойған бірінші талабы – демократиялық реформаларды тереңдету болды. Ал президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке өз басынан, күйеу баласы Рахат Әлиевті өз орнына қоюды талап етті.
ҚДТ-ның құрамында Мұхтар Әблязов, Ғалымжан Жақиянов, Ораз Жандосов, Әлихан Байменов, Жанат Ертілесова, Берік Имашев, Нұржан Субханбердин, Нұрлан Смағұлов, Төлен Тоқтасынов және т.б. өте танымал емес қайраткерлер болды. Олардың бәрі сол кезде министрлер, әкімдер, банкирлер, депутаттар, бизнесмендер еді.
Сол күні, 19 қаңтарда ҚДТ-ның Құрылтай жиналысына Қазақстанның түкпір-түкпірінен делегаттар келіп жатты. Делегаттардың құрамы әралуан еді: коммунистер мен эрэнпековшілерден бастап, (Қазақстанның республикалық халық партиясының мүшелері), «Ұрпақ» қозғалысының зейнеткерлеріне дейін болды. Яғни, Алматыдағы жиналысқа президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке билік режиміне наразы саяси бірлестіктердің өкілдерінің барлығы келді.
Делегаттар арасындағы ахуал да түрліше еді. Жаңа қозғалыс–елдің саяси жағынан жаңаруына ықпал етер орасан күш болар деп, қуанғандар болса, жиынның кейбір қатысушыларының арасында түңіліс білдіріп, сақтықпен қарағандар да болды. Сонда да ҚТД қозғалысы елдегі көптен күткен демократияның өркендеуіне ықпал ететін саяси күш болады деп сенгендер көп кездесті.
Сол күні де, қашан да болатынындай, лаң салушылық орын алды. Цирк ғимаратының алдында шыныққан дене бітімді жас жігіттер делегаттарға, көптен бері Лондонда тұрып жатқан, оппозиция лидері Әкежан Қажыгелдиннің суреті басылған үндеу қағаздарын таратып жатты.
Саяси мәндегі сол үндеу қағазда республиканың құқық қорғау органдары халықаралық ауқымдағы қылмыскерді іздестіріп жатқаны айтылып, Қазақстанның болашағы кімге қымбат болса, қылмыскерді қолға түсіру үшін барынша көмек көрсетуі керек делінген. Үндеудің мәтіні «Ұрыны ұстаңдар!» деген ұранмен аяқталды.
Сол күнгі және одан кейінгі жағдай жайлы Құрылтай жиналысын ұйымдастырушылардың бірі, қоғам қайраткері Асылбек Қожахметовтен сұраған едік.
Азаттық радиосының тілшісіне Құрылтай жиналысы тұсындағы мәселелер туралы Асылбек Қожахметов былай деді:
– ҚДТ-ның Құрылтай жиналысы Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық театрында өтуі керек еді. Сол үшін біз олармен алдын-ала келісіп, ақысын да төлеп қойып едік. Алайда жиынға тура бір апта қалғанда, театр басшылығы бізге, жөндеу жұмыстары басталатындықтан, залды бере алмайтынын айтып хабарласты. Әрине, біз оған сенгеніміз жоқ, сондықтан да біз олардың афишасын тексерейік деп шештік: сол күні қойылым бар екен. Ешқандай да жөндеу жұмыстары жүргізілмейді. Бізге сол күнгі қойылымның бар билетін сатып алудан басқа ештеңе қалған жоқ.
Бізге неге дәл Әуезов театры керек болды? Мәселе мынада еді, ҚДТ-ның Құрылтай жиылысынан басқа, Қазақстандағы әкімдердің сайлануы туралы республикалық референдумның ұйымдастыру комитетін өткізуді жоспарлап едік. Ал заң бойынша, референдум өткізу үшін, 10 күн бұрын жиынды өткізетін орынды және уақытты көрсету қажет. Бізге нақты мекен-жайымызды көрсетіп қойғандықтан, соңына дейін бару керек болды. Міне, біз сондықтан да бар билетті сатып алдық.
Делегаттардың бәріне қойылымды тамашалап болған соң, дауысқа салуды залда немесе театр фойесінде өткізерміз деп хабарладық.
Бірақ 19 қаңтар күні, Астанадан парламенттің үш депутаты арнайы келіп, театр директорынан сұрағанымен де, бізді театрға кіргізбейтіні мәлім болды. Ал біздің театр директорының алдында сатып алынған билеттерімізді көрсетіп, сілкінгенімізден де ешнәрсе шықпады. Директор театрға шұғыл түрде жөндеу жұмыстарын жүргізу керек екенін айтып тұрып алды. Біз барлығымыз ешқандай жөндеу жүргізілмейтінін, оның Астананың біздерді қалай да жібермеу керектігін талап еткен бұйрығын ғана орындап отырғанын түсінген едік.
Осындай қадам жасалатынын біліп, алдын-ала сақтық шарасын да ойластырып едік. Жиынды өткізу үшін тағы цирк ғимаратын да дайындап қойғанбыз. Себебі ол Әуезов театры ғимаратының қасында болды. Егер театрға кіргізбесе, делегаттар циркке екі-ақ минутта жаяу жетіп алуына болар еді. Алайда біз циркті жауып тастайтын жағдайды да ойластырдық. Сондықтан да үшінші нұсқаны да әзірлеп қойдық. Ол жайында мен ғана білдім. Ол 10 минуттай жүретін жерде еді. Мыңдаған делегаттар үшін автобустарға тапсырыс берілді.
Алайда үшінші нұсқа сол күйінше қалды. Жиын цирк ғимаратында өтті.
– Әуезов театрының ғимаратымен болған оқиғадан басқа арандатушылық әрекет болған жоқ па?
– Арнайы қызмет тарапынан түрлі оқиғалар көп болды. Мәселен Семейде мынадай да оқиға болған. Делегаттар поезға отырады, ал ол болса жүрмейді. Елестетіп көріңізші, жолаушылары толық отырған құрамды темір жол басшылығы бағыттан алып тастаған. Жолаушылар абыржи бастағанда, облыстық ІІД басқармасы бастығының орынбасары келіп, поездың ешқайда бармайтынын айтып, вагондарды босатуын сұраған. Делегаттар арасындағы соғыс ардагері, вагоннан шықпайтынын айтып отыр алған. Полицейлер өз дегеніне жету үшін, оны күштеп болсын шығарар еді. Сол кезде соғыс ардагерінің бұл әрекетінен жігерленген басқа жолаушылар да вагоннан шықпайтынын айтқан. Темір жол басшылығы поездың бағытын өзгерте алмай, кешігіп болса да жіберген.
Барлық облыстарда да делегаттарға қысым жасалған. Мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін туыстарына, егер олар туысын Алматы сапарынан бас тартқыза алмаса, қызметтен босатылатынын ескерткен. Көбісін полиция бөлімшелеріне шақырып сапарынан бас тартқызу үшін
түрлі сылтаулармен бопсалаған немесе жолынан қалдырған. Бәрібір кворум жиналды. Мыңға жуық делегат ҚДТ-ның Құрылтай жиналысына қатысты. Себебі біз мұның да алдын алып, сақтық үшін делегаттарды артығымен шақырған едік.
– Сөйтіп, сіздер жиынды өз дәрежесінде өткіздіңіздер. Халық жігерленіп, ҚДТ-ны делегаттар толық қолдады. Ал кейін не болды, неге тез арада жоқ болып кетті. Сіздіңше, ҚДТ көшбасшыларының жеңілу себебі неде? Билік тарапынан болған қысымға дайындықтың болмауынан ба? Болашақта атқарылар істердің ойластырылмағынан ба? Мүмкін себебі бос сөзділігінде: ҚДТ көшбасшыларының саяси қорқақтығында шығар?
– Иә, сұрағыңыз жеңіл емес. Есіңізде болса, декабристер туралы «халықтан мүлдем алыс болды», «халық үшін– бірақ халықтың қатысуынсыз» деп айтылып еді. Алайда, мұның бәрі ҚДТ көшбасшыларына қатысты деп айтуға болмайды, дегенмен мұнда да бір ақиқат бары рас.
ҚДТ көптеген себептерге байланысты жалпыхалықтық болмады. Біріншіден, билік тарпынан болатын жазықсыз жазалау өте қатал еді. Қозғалыстың негізгі жетекшілерін қамауға алды, жазықсыз жазалауға ұшырады, олардың туыстарына да осы күн туды. Екінші себебі: ҚДТ белсенділерінің тарапынан халықпен ешқандай жұмыстар жүргізілмеді. Халық оларды қорғауға дайын еді, ал белсенділер оларды ұйымдастыра алмады, шет қалып қойды десек те болады.
– Егер мүмкін болса «асүй - ішкі жағдайы» жайлы айтыңызшы. Сіз ҚДТ көшбасшыларының алғашқы табыстың буымен, өзара көшбасшылық үшін күрескеніне куә болған жоқсыз ба? Біздің кейін нақты көзіміз жеткені, бұрынғы ҚДТ- шылардың «Ақ жолын» мысалға алсақ.
– Жоқ. Мен мұны айта алмаймын. Себебі олармен ұзақ уақыт жақын араласудың сәті түспеді. 9 ақпанда мені ҚДТ-ның саяси кеңесіне сайлады, наурызда Мұхтар Әблязовты тұтқындады, одан кейін Ғалымжан Жақиянов та тұтқындалды. Оқиғалар әрі қарай құйындап өтіп жатты.
Бұрынғы оқиғаларға жеті жылдың биігінен қарағанда, мынадай қорытынды шығаруға болады. ҚДТ көшбасшыларының сол мезетте алдына қойған мақсаты – радикалды, түпкілікті ойластырылмаған еді.
Осы тұрғыдан келгенде «Ақ жолдың» құрылуы айқайсыз, байсалды, ұзақ мерзімді болып шықты. Нәтижесі белгілі болғандай – «Ақ жолдың» 2004 жылғы парламент сайлауындағы керемет жеңісі. «Ақ жолдың» жолы ымырашыл болса да, бұл жол неғұрлым дұрыс еді.
– Сонда сіздің талдауларыңыз бен пікірлеріңізден, ҚДТ көшбасшылары шынайы саяси күреске дайын болмады деп қорытынды шығаруға бола ма?
– ҚДТ көшбасшыларының саяси партияны бизнес тәрізді құруды жоспарлағаны анық. Олардың басты факторы да қаржы мәселесі болды. ҚДТ мүшелері арасындағы қарым-қатынас та тең дәрежеде болған жоқ, ол жоғарыдан төмен қатаң түрде бағыныштылық тұрғыдан құрылды. Ал демократиялық ұйымдарда мұндай қарым-қатынас жақсы қабылданбайды. Өз ойымды қорытындылай келіп айтарым, ҚДТ көшбасшыларының оппозициялық ортаға бизнес-басқарма ұстанымын енгізу талпынысы табыспен аяқталған жоқ.
– Асылбек мырза, сұхбатыңыз үшін рахмет.
Бұдан 7 жыл бұрын, 2002 жылдың 19 қаңтарында Алматы циркінің ғимаратында «Қазақстанның демократиялық таңдауының» (ҚДТ) құрылтай жиналысы өткен-ді. Бұл жиын елді демократияландырудың катализаторы болады деп күтілген еді.
Ұқсас
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Қазақ эмигpанттарды күстәналау. "Жат елдегі" диссидент драмасының бағасы