Грузияның БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі Иракли Аласания президент Михаил Саакашвилидің саясатын сынап, кезектен тыс сайлау өткізуге шақырды. Тбилисиде баспасөз маслихатын өткізген Аласания Саакашвилиді ауторитарлық шешім қабылдап, тамыз айында болған Ресеймен арадағы соғыстың алдын ала алмады деп айыптады. Грузия бұқаралық ақпарат құралдары Аласанияны елдің ең танымал саяси тұлғаларының бірі деп сипаттаған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Қазақ эмигpанттарды күстәналау. "Жат елдегі" диссидент драмасының бағасы